Қоғам

Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті

Астанада Tesla электромобилі мен ассенизатор жүк көлігі соқтығысып, ауыр жүк көлігі көпірден құлап кеткен. Жол апатынан 71 жастағы жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 19 қазанда елорданың айналма жолында болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апатқа Tesla көлігін басқарған 49 жастағы әйелдің жол беру талабын сақтамауы себеп болған.

Алдын ала дерек бойынша, әйел көпірге көтерілетін жол айрығында басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын бұзып, көпірден құлаған.

Апат кезінде жүк көлігінің 71 жастағы жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Барлық жаңалық