Қоғам

Астанада телефонмен сөйлесіп, адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды

Астанада телефонмен сөйлесіп, адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі сотталды

Астанада автобус жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескен жүргізуші 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргінші алған ауыр жарақаттарынан ауруханада көз жұмды,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Сотта мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен жүргізуші 2 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылып, бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Астана прокуратурасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынатынын еске салды.

Барлық жаңалық