Астана қаласы

Астанада судья мас күйінде көлік жүргізіп ұсталды

Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Полицияның мәліметінше, рейдтік тексеріс кезінде патрульдік қызмет өкілдері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

 

– «Көлік коммуналдық айыптұраққа қойылды. Оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр. Еске саламыз, мас күйінде көлік жүргізу — заңды өрескел бұзу және адамдардың өміріне нақты қауіп төндіретін әрекет. Мұндай жағдайлар заң шеңберінде қатаң түрде жазаланады», – деп мәлімдеді Астана қалалық Полиция департаменті.

 

Қазір бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталды.

Барлық жаңалық