Қоғам

Астанада қыздың соңынан еріп, бөксесін ұстаған ер адам қамауға алынды

Астанада қыздың соңынан еріп, бөксесін ұстаған ер адам қамауға алынды

Астанада көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс бойжеткеннің соңынан еріп, бөксесінен ұстаған 27 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты бойжеткен полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстаған.

«Алдын ала анықталғандай, ол көшеде қыздың соңынан аңдып, ғимаратқа кіреберісте оған қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Барлық жаңалық