Астанада бес қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап, зардап шекті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс оқиға жұмысшылар тұрған аспалы құрылғының үзіліп кетуі салдарынан болған. Құрылғының не себепті істен шыққаны әзірге белгісіз.
Оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылған. Құлаған үш жұмысшы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Қалалық ПД мәліметінше, құрылыс алаңында еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мүмкін деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында құрылыс компаниясының жауапты тұлғалары, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар және оқиғаға куә болған жұмысшылардан жауап алынуда.