Жаңалықтар

Астанада мүгедектігі бар баланы зорлау дерегі тергеліп жатыр

Астанадағы әйел ІІ топтағы мүгедектігі бар ұлы бірнеше рет бір топ адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеп, құқық қорғау органдарына шағым түсірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Анасының айтуынша, жәбірленуші күдіктілердің бірімен онлайн ойын арқылы танысқан. Әйелдің сөзінше, іс осыдан төрт ай бұрын Нұра ауданының полициясына берілгенімен, сараптама қорытындылары дайын болғанына қарамастан, әлі күнге дейін ешкім қамауға алынбаған. Осы жағдайдан кейін әйел инсульт алып, ұлында эпилепсия ұстамалары пайда болған. Туыстары тергеу қасақана созылып жатыр деп есептейді.

 

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

 

- Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында бірнеше сот сараптамасы тағайындалды. Олардың қорытындыларына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Барлық тергеу іс-шаралары қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүргізіледі, – деді ведомство өкілдері.

Барлық жаңалық