Қоғам

Астанада мас ер адам іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырмақ болған

Астанада мас ер адам іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырмақ болған

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас күйдегі ер адамның  әрекеті тұрғындардың мазасын алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға 16 қазанға қараған түні «Айбике» тұрғын үй кешенінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның лифт есігін бірнеше рет тепкілеп, кіреберістегі балалар арбасын құлатқаны байқалады. Артынша ол іш киімін шешіп, арбаға дәрет сындыруға әрекеттенген.

Тұрғындардың сөзінше, ер адам кейін көршілерінің бірінің пәтеріне де рұқсатсыз кірген. Оны тоқтату үшін көршілері араласуға мәжбүр болған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар 27 және 30 жастағы екі ер адам ұсталған. Оларға ұсақ бұзақылық және тыныштықты бұзу деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалған.

Бұған қоса, 30 жастағы ер адам қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін де жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Барлық жаңалық