Жаңалықтар

Астанада лифт құлап бір адам қаза тапты: аман қалғандардың жағдайы қалай

Астанада лифт құлап бір адам қаза тапты: аман қалғандардың жағдайы қалай

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отырғанын мәлім етті, деп жазады ozgeris.info.

Төлебаев көшесінде орналасқан үйдің лифтін жөндеу кезінде қайғылы жағдай салдарынан лифт компаниясының бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі қызметкер № 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді.

— Науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, ал екіншісі политравма бөлімінде жатыр. Оларға қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Осыған дейін елде ескірген қанша лифт бар екені анықталды. Қазір елдің тұрғын үй қорында 33 858 лифт жабдығы бар. Оның ішінде 4 144 лифт 25 жылдан астам пайдаланылып келеді, ал 3 195 лифт техникалық қызмет көрсету аясында күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді.

Барлық жаңалық