Астана қаласы

Астанада көлігімен итті сүйреген жүргізуші жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

Астанада көлігімен итті сүйреген жүргізуші жауапкершілікке тартылды (ВИДЕО)

29 қаңтар күні Астанада жан түршігерлік оқиға тіркелді. Әлеуметтік желілерде көлікке байланған иттің жол бойымен сүйретіліп бара жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтына сілтемемен.

 

Оқиға шамамен сағат 13:40-та №1 Арнайы ХҚО аялдамасының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, жануардың қанша уақыт және қандай қашықтыққа сүйретілгені нақты белгісіз.

 

Астана қалалық Полиция департаменті бұл деректі растады. Ведомствоның мәліметінше, тексеру барысында 41 жастағы ер адам анықталған.

 

«Иттің иесі үй жануарларын серуендету қағидаларын бұзған. Ол иттің қарғыбауын көліктің жүксалғышына байлап, ең төменгі жылдамдықпен қозғалғанын түсіндірді. Кейін жануар жүре алмай қалған соң, оны көліктің жүксалғышына салып алған», – деп хабарлады ПД өкілдері.

 

Аталған факт бойынша жүргізуші қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Барлық жаңалық