Астана қаласы

Астанада ЖРВИ мен тұмау өршіп, шектеулер енгізіліп жатыр

Астанада жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмаудың күрт көбеюіне байланысты бірқатар шараларға шектеу қойыла бастады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Orda.kz сайтына сілтемемен.

 

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің дерегінше, биылғы 45-аптада 23 002 адам ЖРВИ жұқтырған. Бұл көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда бір жарым есе жоғары. Бұған дейін 14 994 жағдай тіркелген.

 

Науқастардың басым бөлігін балалар құрайды. Қазіргі таңда 14 жасқа дейінгі 14 018 бала ЖРВИ-мен ауырып жатыр. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастардан алынған 285 сынамада A(H3N2) тұмау вирусы анықталған. Бұдан бөлек, COVID-19-дың 6 жаңа жағдайы расталды.

 

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында елдегі ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағанын мәлімдеген.

Барлық жаңалық