Астанада қалалық және тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жолақы қолма-қол ақшасыз төлем жасағанда 150 теңге болады. Экспресс-маршруттарда — 300 теңге, ал қала маңындағы бағыттарда әр шақырым үшін 13 теңге төленеді.
Қолма-қол ақшамен төлеу тарифтері де бекітілді:
- Қалалық бағыттарда — 300 теңге;
- Экспресс-маршруттарда — 400 теңге;
- Тұрақты әлеуметтік маңызы бар бағыттарда — 300 теңге;
- Қала маңындағы бағыттарда — әр шақырым үшін 19 теңге.
Электронды төлем жүйесі жұмыс істемеген жағдайда жолаушылар қоғамдық көлікте тегін жүре алады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.