Астана қаласы

«Астанада алты адам қаза тапты» деген хабар жалған болып шықты

«Астанада алты адам қаза тапты» деген хабар жалған болып шықты

Әлеуметтік желілерде Астанада көктайғақ салдарынан алты адам көз жұмды деген ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Елорда әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы аталған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жедел жәрдем қызметі мен травматология пункттерінің деректеріне сәйкес, қала аумағында көктайғаққа байланысты өлім жағдайлары тіркелмеген.

 

Мамандар әлеуметтік желілерде тараған бұл хабарламаның фейк екенін атап өтті. Қала тұрғындарын тек ресми дереккөздерге сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Барлық жаңалық