Жаңалықтар
Астана тұрғыны боди массажды желеу етіп 2 миллиард теңге табыс тапқан
26.12.2024
182
ҚМА Астаналық департаменті боди массаждың атын жамылып, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, онымен қоймай қылмыстық кірістерді заңдастырған Астана тұрғынын ұстады.
— 2021-2023 жылдар аралығында Астана тұрғыны жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырып, 2 миллиард теңге қылмыстық табыс алған. Follow the money (ақшаны қадағалаңыз) параллельді қаржылық тергеу күдіктінің шоттарына туыстары мен сенімді тұлғаларының банктік деректемелерін пайдалана отырып, заңдастырудың күрделі схемалары арқылы түскен барлық қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.
Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында күдікті өз атына ЖШС тіркеп, ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алып, қайта сатқан. Осылайша, ол 88,5 миллион теңгені заңдастырып, 95 миллион теңге қылмыстық табысқа қол жеткізген.
Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа күдікті:
— 350 млн теңгеге салынып жатқан объектідегі ауданы 500 ш. м. коммерциялық үй-жай;
— 92 млн теңгеге өз баласына күтім жасап жүрген жөніндегі жалдамалы қызметкерге тіркелген жалпы ауданы 329,1 ш. м. 5 екі бөлмелі пәтер;
— 667,5 млн теңгеге Астана қаласында жалпы ауданы 784 ш. м. жер учаскелері бар екі коттедж;
— 335,4 млн теңгеге елорданың элиталық тұрғын үй кешендерінде жалпы ауданы 292 ш. м. 2 пәтер мен тұрақ орын;
— 114 млн теңгеге G63 маркалы Mercedes Benz автокөлігін сатып алған.
Сонымен қатар, тінту кезінде 50 млн теңге мен бағалы зергерлік бұйымдар табылып, оларға тыйым салынды.
Тергеудің басталғанын білген күдікті тәркілеуден жалтару үшін 5 екі бөлмелі пәтерді 143,5 миллион теңгеге сатып үлгерген. Пәтер сату арқылы үстінен 51,5 миллион теңге қосымша табысқа кенелгені белгілі болды.
Сот үкімімен ол жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырғаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін (ҚР ҚК 309-бап, 218-бап 3-тармағы) 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлікі мен пәтерлерді сату арқылы алынған ақшасы тәркіленді, - деп хабарлады ҚМА.
Тергеу нәтижесінде қылмыстық жолмен тапқан 2 миллиард теңгеден асатын қаражатқа сатып алынған барлық мүлік пен сол мүліктен түскен кірістері анықталып, тәркіленді.
Сонымен қатар, пәтерлердің иелері туралы жалған куәлік берген бала күтімі бойынша жалданған қызметкерге қатысты тергеу басталды.
-
-
Түркістан облысында сегіз айлық бала шетінеп кетті10:44, 24 сәуір 2026
-
Алматыдағы аялдамадағы қасақана әрекет: Қылмыскер неге тағы да бостандықта жүр?10:09, 24 сәуір 2026
-
"1 миллион беремін": Баян Алагөзова ақша таратып жатыр (ВИДЕО)09:54, 24 сәуір 2026
-
"Мәзсің бе, қайыршы?": Тұрсынбектің тоқалы желіде оқырманымен дауласты (ФОТО)09:00, 24 сәуір 2026
-
-
-
-
-
Абай тағылымы – қаржылық мәдениет негізі17:55, 23 сәуір 2026
-
"Есімдерін атасы өзі қойған": Блогер Мұхтар Шахановтың ұрпақтарын көрсетті (ВИДЕО)12:03, 23 сәуір 2026
-
"Әкесінің топырағы кепкен жоқ": Марқұм Мұрат Бисембиннің қызы күйеуге шықты (ФОТО)16:22, 23 сәуір 2026
-
-
"Сенен нан сұрадық па?": Меруерт Түсіпбаева белгілі блогермен жанжалдасты (ВИДЕО)11:39, 23 сәуір 2026
-
"Денелері тесілген": Атыраудағы сұмдық іске қатысты ресми дерек жарияланды14:41, 23 сәуір 2026
-
"1 миллион беремін": Баян Алагөзова ақша таратып жатыр (ВИДЕО)09:54, 24 сәуір 2026
-
Теміртауда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 4 дам зардап шекті (ВИДЕО)14:49, 23 сәуір 2026
-
Құлсарыдағы құтқару: Балалар анасын өлім аузынан қалай алып қалды? (ВИДЕО)14:29, 23 сәуір 2026
-
"Ене емес, арман ғой": Айнұр Тұрсынбаева келініне қымбат көлік сыйлады (ВИДЕО)17:03, 23 сәуір 2026
-
-
-
"Ақшадан қиналдық": Интим видеосы тараған жұп мәлімдеме жасады (ВИДЕО)09:53, 17 сәуір 2026
-
“Қажалып қан болды”: Тамара Асар аяғындағы протезін ауыстыруға барғанын айтты10:02, 17 сәуір 2026
-
-
-
-
«Әй, мәйіт жатыр ғой, әруақты сыйла»: Шахановтың жаназасындағы жайт көпті шошытты16:43, 22 сәуір 2026
-
-
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026