Астанада мектеп оқушыларының арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты liter.kz сайтына сілтемемен.
Оқиға Күлтегін көшесі, 15 мекенжайдағы “Мечта” тұрғын үй кешенінде, шамамен сағат 15:00-де орын алған. Бейнежазбадан бірнеше жасөспірімнің сөздік жанжалдан соң көшеде төбелеске ұласқанын көруге болады. Жергілікті деректер бойынша, қатысушылардың көпшілігі №71 мектептің оқушылары болуы мүмкін.
Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, төбелеске қатысқан барлық жасөспірімдер анықталды. Полицияның мәліметінше, жанжалдың басталу себебі бір оқушының қызды қорғауы болған, бірақ сөздік жанжал қысқа уақыт ішінде физикалық қақтығысқа ұласып кеткен.
«Барлық қатысушылар анықталды. Оқиға қоғамдық орында бұзақылық жасау дерегі ретінде тіркелді. Материалдар кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды», — деді ведомство өкілдері.
Қазір сот барысында оқиғаның барлық мән-жайы қаралып, қатысушыларға қатысты тиісті шешім қабылданады.