Жаңалықтар

Астана мен Алматыда вирустың өршуі талқылануда: Мектептер онлайнға көшіріледі ме

Астана мен Алматыда вирустың өршуі талқылануда: Мектептер онлайнға көшіріледі ме

Ата-аналар еліміздің мектептерінде сырқаттанудың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Алматы мен Астанадағы тұрғындар балаларды неге қашықтан оқытуға жібермей отырғанын түсінбей, сұрақ көтеруде, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты NewTimes.kz сайтына сілтемемен.

 

Ата-аналардың айтуынша, Астанада балалар инфекциялық ауруханасында орын қалмаған, вирустың таралуы күшейген. Мектептерде оқушылар бір-біріне қайта-қайта жұқтырып, дерттің айналып соғуы тоқтамай тұрғанына шағымдануда.

 

«Астанада балалар инфекционкасында орын жоқ, вирус өршіп тұр. Мектепте балалар бірін бірі тоқтаусыз жұқтырып жатыр. Сұрақ: неге әлі күнге дейін онлайн оқытуға көшірмейді? Нені күтіп отыр?» – деп жазады бір ата-ана.

 

Әлеуметтік желідегі пікірталаста аналар өз ойларын бөлісті. Бірі, егер барлық мектеп онлайнға көшсе, балалар мен ата-аналар сонда да ТРЦ мен қонаққа баруды тоқтатпайды, деп жазды.

 

«Балалар мектепке бармаған күннің өзінде ТРЦ-ге барады. Көптеген аналар: “Үйде отыра беруден шаршадық, бала ауырып жатса да сыртқа шықтық” дейді. Мұндай жағдай онлайн оқытуға көшкен күннің өзінде де бітпейді. Біз өзіміз балалармен дүкенге де бармайтын болдық, тек ересектер барамыз», – деп пікір қалдырды Threads желісінің бір қолданушысы.

 

Кейбіреулер балаларды мектепке жібермей қоюды ұсынды.

 

Астана қаласының Білім басқармасына да сауал жолданды. Ведомство қала бойынша жалпы дистанциялық оқыту енгізу жоспарда жоқ екенін айтты.

 

«Бізде бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бар. Егер бір сыныпта науқастану 30%-дан асса, сол сынып қашықтан оқыту форматына ауысады. Қазіргі уақытта жалпы қала бойынша сырқаттану деңгейі 20%-ға жеткен жоқ», – деп хабарлады басқарма.

Барлық жаңалық