Жаңалықтар

Астана әуежайын басқарған араб компаниясы уәкілетін тоқтатады

Астана әуежайын басқарған араб компаниясы уәкілетін тоқтатады

Араб Әмірліктерінің Terminals Holding компаниясы Астана халықаралық әуежайын басқару құқығынан бас тартуға дайындалып жатырдеп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен. Бұл туралы ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

 

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта тараптар келісім-шартты өзара келісім негізінде тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

 

«Астана әкімдігі мен Terminals Holding (БАӘ) компаниясы әуежайды басқару бойынша серіктестікті тоқтату мәселесін талқылап жатыр. Түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін заңға сәйкес тиісті рәсімдер жүргізіледі», – делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар, әкімдік Астана әуежайының елдің маңызды стратегиялық нысаны болып қала беретінін және инфрақұрылымды дамыту, өткізу қабілетін арттыру, қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жобалар жалғасатынын атап өтті.

 

Еске салайық, Terminals Holding компаниясы 2025 жылы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын» сенімгерлік басқаруға алған болатын. 25 жылға жасалған келісім аясында компания бюджет қаражатын пайдаланбауға, жұмыс орындарын сақтауға және қызметкерлерге оқыту бағдарламаларын іске асыруға міндеттелген еді.Бұған қоса, арабиялық басқарушы компания әуежай инфрақұрылымын дамыту үшін жүздеген миллиард теңге инвестиция тартуға уәде берген.

 

Қазіргі таңда келісімнің тоқтатылу себептері мен нақты мерзімі туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Барлық жаңалық