Қоғам

Астана аспанындағы жойғыш ұшақтар: Елордада әскери авиация жаттығуды бастады

Астана аспанындағы жойғыш ұшақтар: Елордада әскери авиация жаттығуды бастады

Астана аспанында әскери авиацияның дүбірі естілмек. 15 мамыр күні елордада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шарасы аясында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы жоспарланған. Осы айтулы шараға дайындық мақсатында 10 мамырдан бастап қала үстінде жаттығу ұшулары басталады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қорғаныс министрлігі бұл шаралардың қауіпсіз биіктікте өтетінін және қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне ешқандай нұқсан келтірмейтінін ресми түрде хабарлады. Дегенмен ведомство өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілім кезінде шу деңгейінің қысқа мерзімге артуына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Мемлекеттік орган барлық ұшу жұмыстары қауіпсіздік талаптарына қатаң сай ұйымдастырылатынына кепілдік берді. Көрсетілім кезінде қолданылатын түрлі түсті түтіндер тек эстетикалық сипатқа ие және қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зиянды әсері жоқ. Сондықтан тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ.

Барлық жаңалық