Жаңалықтар

"Асқазанының түгі қырылып кеткен": Желіде астан ауру тапқан ер адамның видеосы тарады

Әлеуметтік желіде адам шошырлық оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның газдалған сусын мен қытырлақ картопқа әуес болғаны туралы айтылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. Видеода ер адамның бетіне жара шығып кеткенін байқауға болады.
«Коланы көп ішіп, чипсы дегенді көп жейді. Содан осындай болды деп ойлаймын. Іш-құрылысын тексерттік. Анализдерін көрдім. Инфекция жоқ деді. Қаны таза. Лейкоциттері қалыпты жағдайда. Қабыну жоқ. Тамақ ішкен соң дереу дәретханаға жүгіреді. Содан күдіктендік», - дейді видеодағы әйел адам.
Дәрігердің айтуынша, ішкен асына байланысты асқазаны зардап шеккен.
«Сіздің диагнозыңыз дұрыс. Асқазанында түк қалмаған. Кола көп ішіп, чипсы көп жегеннен асқазанының түгі қырылып кеткен», - дейді дәрігер.
 
Барлық жаңалық