Жаңалықтар

Әскери полигонда төтенше жағдай: Сарбаз оққа ұшты

Әскери полигонда төтенше жағдай: Сарбаз оққа ұшты

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімнің оқу полигонында өткен оқу-жаттығу атыстары кезінде мерзімді әскери қызметші жарақат алды деп хабарлайды Оzgeris.info Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомство мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:05 шамасында жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілген оқу атыстары барысында болған. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан 2025 жылғы 2-кезек шақырылымының мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы Г. АК-74 автоматынан сол жақ аяғына жанама оқ тиіп, өзін-өзі жарақаттаған.

 

Зардап шеккен әскери қызметкерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, шұғыл түрде Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілген.

 

Дәрігерлердің мәліметінше, әскери қызметкердің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Барлық жаңалық