Қоғам

Әскерден мүгедек болып оралған: Мұхтар Ербаян тағы да Түркияға емделуге жіберілді

Әскерден мүгедек болып оралған: Мұхтар Ербаян тағы да Түркияға емделуге жіберілді

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ұланының бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаянның Түркияға тағы да емделуге жіберілгенін хабарлады.

"Комиссияның жұмыс органының шешімімен нейромодуляторлық ем жүргізу және пациенттің соматикалық мәртебесін сақтау үшін Medipol Global клиникасына (Түркия) емделуге Мұхтар Ербаянды жіберу мақұлданды", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алған болатын.

2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін отбасының қолдауымен Түркияда қалпына келтіру емінен өтті. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандардың бақылауында болды және үйде медициналық көмек алды.

Барлық жаңалық