Жаңалықтар

"Артық кетті, Алла сақтасын": Нұрлан имам жартылай жалаңаш қыздарға қарайтынын айтты

"Артық кетті, Алла сақтасын": Нұрлан имам жартылай жалаңаш қыздарға қарайтынын айтты

Нұрлан Имамның тікелей эфирде айтқан сөзі желі талқысына түсті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ол оқырман сауалына жауап беремін деп желі жұлдызына айналды. 

"Купальникте түскен суретімді салсам, қалай қарайсыз дейді. Жақындатып алып қараймын. Басқаша не деуге болады? Өткізіп жіберемін, қарамаймын деп айтайын ба?", деп күлді имам. 

Осы тұста пікір білдірушілер имамның бұл сөзіне қатысты өз ойларын ортаға салды. 

"Өзіміз сияқты екен", "Басқалар сияқты періште болып кетпейді", "Осы әңгімесі тым артық енді, Алла сақтасын. Кейбір адамдар үшін жағымды жауап шығар, бірақ дінді ойынға айналдыруга болмайды ғой", "Имамдар да адам", деген сынды пікірлер көптеп жазылды. 

Барлық жаңалық