Шоу-бизнес

"Арқамнан ауыр жүк түсті": Ерке Есмахан жасырған құпиясын жария етті (ФОТО)

"Арқамнан ауыр жүк түсті": Ерке Есмахан жасырған құпиясын жария етті (ФОТО)

Әнші Ерке Есмахан шығармашылық үзілістен кейін тыңдармандарына «Дауыс» атты жаңа ретро-альбомын таныстырды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жаңа музыкалық жинаққа барлығы тоғыз ән енген. Өнер иесінің айтуынша, альбом қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан аңыз тұлғаларға арналған құрмет ретінде әзірленген.

Әрбір композицияға арнайы бейнебаян түсіріліп, олар әншінің ресми YouTube арнасында жарияланған.

«Дәл қазір арқамнан ауыр жүк түскендей күйдемін. Қуанышымда шек жоқ, шығармашылық еңбектің жемісін көріп, ерекше сезімдемін. Енді әндерді тыңдап, бейнебаяндарды көргеннен кейін әсерлеріңізбен бөлісіңіздер», – деп жазды Ерке Есмахан Instagram парақшасында.

«Дауыс» альбомына мына композициялар енген:

  • «Наз»

  • «Бұрымы аппақ Анашым»

  • «Әлди-әлди»

  • «Гүлдер-ай»

  • «Тарам-тарам»

  • «Бақытты қыз»

  • «Сен»

  • «Алматы» (RaiM-мен дуэт)

  • «Өзіңді сүй»

Альбомның музыкалық тұжырымдамасын әзірлеуге және шығармашылық жұмысына әншінің жұбайы, музыкант RaiM да қатысқан. Жинақтағы «Алматы» әні – Ерке Есмахан мен RaiM бірге орындаған жалғыз дуэттік шығарма.

Барлық жаңалық