Шоу-бизнес

«Әрі қарай қала алмадым»: өнерден кеткен танымал әнші жан сырын ақтарды

«Әрі қарай қала алмадым»: өнерден кеткен танымал әнші жан сырын ақтарды

Қазақстандық эстраданың жарқын жұлдыздарының бірі, «X-Factor» жобасы арқылы қалың көрерменге танылған әнші Sanda көптен бері тыңдармандарын мазалап жүрген «Неге сахнадан кетуге шешім қабылдады?» деген сұраққа алғаш рет ашық жауап берді,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Санданың айтуынша, бұл оның өміріндегі кенеттен жасалған қадам емес, ішкі жан дүниесінің терең дағдарысынан туындаған мәжбүрлі шешім болған.

Әнші өзінің танымалдылық шыңында турған шағында іштей өте ауыр күй кешкенін жасырмайды. Сырт көзге бәрі керемет: концерттер, жаңа әндер, жұмыс пен үлкен жоспарлар бар болып көрінгенімен, іштей өз-өзін түсінбейтін деңгейге жеткен.

«Бір сәтте маған мансабым маңызды болмай қалды. Мұның себебі музыканы сүймей қалғандығымнан емес. Жай ғана іштей тым ауыр болған кезде, концерттер, жаңа әндер мен түсірілімдер туралы ойламай кетеді екенсің.Ең ауыры сахнадан кеткенім емес, өмірдің өзін сезінбей қалғаным», - дейді ол.

Санда күнделікті алаңдаушылық пен үреймен оянатынын, тіпті өзі мен сыртқы әлемнің арасында қандай да бір «әйнек» пайда болғандай, өмірді сезінуден қалғанын жеткізді.

Әнші жоғалып кеткен уақытта желідегі оқырмандары мен тыңдармандары тарапынан сансыз сұрақтар жауған:

·         «Неге ән айтуды қойдыңыз?»

·         «Алматы шоу-бизнесінен кету себебін айтыңызшы?»

·         «Санданың неге сахнадан қашып кеткенін түсінбеймін...»

Тіпті ол туралы шыққан санаулы бейнероликтердің өзі қысқа мерзімде 300 000-нан астам қаралым жинап, халықтың әлі де оның өнерін сағынатынын көрсеткен.

Ұзақ жылдар бойы өзінде не болып жатқанын түсінуге тырысқан өнер иесі сырттан жауап іздегенімен, бұл жолды тек өзі ғана жүріп өтуі керектігін ұғынған.

Оның айтуынша, сахнадан кету өміріндегі ең үлкен бетбұрыс болды:

«Бұл сахнадан кету жолы емес, өзіме қайта оралу жолы еді. Мен бұл оқиға мүлдем болмағандай кейіп танытқым келмейді», - деді ол.

Әншінің жеке өмірінде де өзгерстер болған. 2016 жылы ол тұрмысқа шыққан соң көп ұзамай 2018 жылы ажырасып кеткен.

 

Барлық жаңалық