Шоу-бизнес

"Әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын": Айжұлдыз Адайбекова екінші баласының есімін жариялады

"Әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын": Айжұлдыз Адайбекова екінші баласының есімін жариялады

Танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жаңадан туған ұлына қандай есім қойғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жуырда екінші сәбиін босанған Айжұлдыз Адайбекова жұрттың сұрақтарына жауап берді.

«Қағаров Санат Сәкенұлы», — деп жазды ол.

Актриса өз сөзінде «Санат» есімінің бір мағынасы «үйлесім», «жарасымдылық» екенін тілге тиек етті.

«Оның әрдайым үйлесімде болғанын қалаймын. Менің айналамда есімінде екі немесе төрт дауысты әрпі бар адамдар көп. Бұл жай сәйкестік деп ойламаймын, өзіңіз қараңызшы: анамның аты – Жанар, ұлым – Назар, күйеуім – Сәкен, енді міне – Санат», — деп жазды Айжұлдыз.

Барлық жаңалық