Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде жүздеген мың жазылушысы бар блогер Керім Найманбаеваның туған күнін қалай атап өткені қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info.
Блогер жуырда туған күнін ерекше форматта, түнгі клубта атап өткен. Алайда мерекелік шара көпшіліктің бірдей көңілінен шықпаған.
Арнайы сахнаға шыққан Керім Найманбаеваның таңдаған киімі желі қолданушыларының сынына ұшырады. Кейбірі оны «орынсыз» деп бағалап, жағымсыз пікірлер қалдырған.
Қысқа уақыт ішінде миллиондаған қаралым жинаған видеоларға пікір білдірушілердің басым бөлігі блогердің образына теріс көзқарас танытты.
Сондай-ақ көпшілікті блогердің жұбайының әрекеті де таңғалдырды. Ол жұбайының осы образдағы сәттерін құшақтап, сүйіп түскен суреттерімен бөлісіп, бұл да желіде түрлі пікір тудырКеды.
Желі қолданушыларының арасында бұл жағдайды сынға алып, өздерінің ашуын білдіріп жатыр.
"Санасыз", "Ақырзаманның жақындағанының белгісі", "Мал болып тұрсың", "Қызың бар ана емессің бе?", "Бәрібір деген сайын жалаңаштаңасың ба?", "Әке--шешесі қайда қарап отыр?", "Күйеуіне бірібір болып тұр ғой. Намысы жоқ еркек екен", "Өте төмен деңгейге түсіп қалдың", - деп жазды оқырмандар.