Спорт

“Ақтөбенің” жаңа қарсыласы - Праганың “Спартасы”

“Ақтөбенің” жаңа қарсыласы - Праганың “Спартасы”

Польшадағы “Легияға” қарсы өткен матчта жеңілгеннен кейін “Ақтөбе” Еуропа лигасынан шығып қалды. Алайда команда үшін еуромаусым мұнымен аяқталған жоқ – енді олар УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты penalty.kz сайтына сілтеме жасап.

 

“Ақтөбенің” жаңа қарсыласы – Чехия чемпионатының көшбасшыларының бірі, Еурокубоктарда тәжірибесі мол прагалық “Спарта” клубы.

 

Ойын күнтізбесі:

 

  • Бірінші матч – 24 шілде, Ақтөбе.
  • Қайтар ойын – 31 шілде, Прага.

 

 

“Спарта” – Еуропа аренасында тұрақты өнер көрсетіп жүрген клубтардың бірі. Бұл жұпта фаворит айқын болса да, “Ақтөбе” өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауына сүйеніп, сенсация жасауға тырысады.

Барлық жаңалық