5 желтоқсан 2025 жылы шамамен сағат 22:00-де Ақтөбе қаласында А.Молдағұлова мен Тургенев көшелерінің қиылысында, көпір үстінде үш көлік соқтығысқан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Оzgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Lexus» маркалы көліктің жүргізушісі қозғалыс кезінде маневр жасау барысында «Subaru» автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан «Subaru» бағытын өзгертіп, алда бір бағытта келе жатқан «Chevrolet Cobalt» көлігімен тағы да қақтығысқан.Апат салдарынан «Subaru» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазір жол апатының себептері мен нақты мән-жайы анықталып жатыр. Полиция оқиғаның толық деректерін тексеру үстінде.