Қоғам

Ақтөбеде жеке үйде жарылыс болып, әйелдің мәйіті табылды (ВИДЕО)

Ақтөбеде жеке үйде жарылыс болып, әйелдің мәйіті табылды (ВИДЕО)

Ақтөбеде жеке тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұған табиғи газдың тарауы себеп болған. Газ-ауа қоспасы жарылғаннан кейін ғимарат опырылып, үйінді астынан қаза тапқан адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Ақтөбедегі Алматы ауданында, Түрксіб көшесі, 125 мекенжайындағы жеке тұрғын үйде жарылыс болды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиғаға табиғи газдың тарауы себеп болған.

Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үйдің шамамен 100 шаршы метр ауданы опырылып түскен. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды.

"Оқиға орнынан қаза тапқан бір адам табылды. Салдарын жоюға ТЖД, Апаттар медицинасы орталығы, Жедел-құтқару жасағы күштері мен құралдары, соның ішінде кинологиялық топ жұмылдырылды. Оқиға орнында полиция департаменті мен шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Жергілікті пабликтер оқиға орнынан түсірілген видеоларды жариялап жатыр.

Барлық жаңалық