Ақтөбе облысы

Ақтөбеде жас ана: «Дәрігерлер мені алдап жындыханаға қамап тастады»

Ақтөбеде жас ана: «Дәрігерлер мені алдап жындыханаға қамап тастады»

Ақтөбеде 28 жастағы Ақнұр Шәкір есінен танып құлаған соң психиатриялық орталықтан бір-ақ шыққан деп хабарлайды ozgeris.info сайты “Alash.kz”cайтына сілтемемен.

 

Келіншек өзімен болған жағдайға ашулы.

«Дәрігерлер мені тексермей, алдап психикалық орталыққа жатқызды» деді. 

 

Ол өзінің дені сау,жүйкесінің бұзылмағанын айтып, дәрігерлердің салғырттығына шағымданды.

 

«Ауыл мектебінде еңбек етемін. Жындыханада жатқан бір күнімде күйзеліске ұшырадым», – деп хабарлаған Ақнұр Шәкір.

 

Жас ана осыдан бес ай бұрын дүниеге бала әкелген. Босануы экологиялық әдіспен болған, ұзақ жыл күттіргенінен кейін қуанышы ерекше болған. Алайда соңғы күндері баласының ұйқысы бұзылып, бірнеше күн бойы көзін іле алмай, қатты шаршап, талып құлаған.

 

Оның айтуынша, аудандық дәрігерлер емдеудің орнына оны «жүйке ауруына шалдықты» деп жалған диагнозбен психиатриялық орталыққа апарған:

 

«Қалаға облыстық ауруханаға анализ тапсырамыз деп алдап алып келді. Анализ тапсырамыз дейді де, психиатриялық ауруханаға әкеліп, қамап тастады. Больницада ұйықтай алмадым. Орталықтың іші кәдімгідей психбольница, қасыма үлкен ауру апа жатып алды. Ол апа бақырып сөйлейді, матрасты жерге лақтырып жатады.», – дейді Ақнұр Шәкір.

 

Жас келіншек психикалық орталықта керісінше күйзеліске түскенін айтып, дәрігерлердің оны дәрімен мәжбүрлеп емдеуін сынады:

 

«Қағазбен тест әкелді, бәрін орындап бердім. Мен мұғаліммін, бәрін білемін. Дәріні не үшін ішемін, ондай ауырып тұрған жоқпын, балаға зиян келмес пе деп сұрадым. Бірақ-ақ дәрігерлер аузымды ашып, дәріні мәжбүрлеп ішкізді», – дейді Ақнұр Шәкір.

Барлық жаңалық