Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жүргізуші жолаушыларды айдалаға түсіріп кеткен

Ақтөбе облысында жүргізуші жолаушыларды айдалаға түсіріп кеткен

Оқиға 17 наурыз күні Ақтөбе – Хромтау тас жолында болған. Рейстік автобустың жүргізушісі межелі жерге 5 шақырым қалғанда қалың тұманды сылтау қылып, жолаушыларды айдалада көліктен түсіріп, қайтадан қалаға кетіп қалған, деп жазады Ozgeris.info сайты. 

Тасымалдаушы компания жүргізушіні өз бетінше әрекет еткені үшін тәртіптік жазаға тартылатынын мәлімдеді.

Үйлеріне 5 шақырым қалғанда жолда қалғандардың арасында кішкентай балалар да болған. Qala trans тасымалдаушы компаниясы бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жүргізуші бұл шешімді өз бетінше қабылдағанын айтты. Ол нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптарын бұзған.

Жолаушыларды елді мекеннен тыс жерде түсіріп кеткен жүргізуші енді осы ісіне жауап беруі тиіс.

Барлық жаңалық