Ақтаудан Тбилисиге бағыт алған соң хабарсыз кеткен 20 жастағы Данияр Жақсылықты «Lider.kz» еріктілері іздестіріп жатыр. Жігітпен соңғы байланыс 18 тамыз күні үзілген. Кейін оның әуежайдан түнгі рейспен ұшып шыққаны және шекарадан өткені анықталды. Содан бері ол туралы ешқандай мәлімет жоқ деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бойы – 175 см, орта денелі.
Туыстары тұрғындардан Даниярдың жүрген жері туралы ақпарат болса, хабарласуды өтінеді. Байланыс телефондары: +7 (700) 499-7292 немесе 102.