Ақтауда 18 қазан күні таңғы сағаттарда жас қыз 18-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтемемен.
Куәгерлердің айтуынша, таңертең жұмысынан үйге қайтып келе жатқан тұрғын полицейлік машиналардың дауысын естіп, не болғанын көру үшін сыртқа шыққан.
«Бастапқыда не болып жатқанын түсінбедім, бірақ полицейлік көліктің артынан қарасам, қыздың денесі жатты. Ол кіреберістен метр шамасында құлап қалған екен», – деді куәгерлердің бірі.
Оқиға болған күні кешке Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, жасалған тергеу бойынша іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзіне қол жұмсауға жеткізу») бойынша басталғанын хабарлады.Қазіргі уақытта инциденттің барлық деректері мен себептері тексерілуде.