Жаңалықтар

Ақтауда әскери қызметші ажал құшты

Ақтауда әскери қызметші ажал құшты

Ақтауда әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Ozgeris.info.

14 қаңтарда бөлімше Ақтау гарнизонының Оймашы әскери полигонынан қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған.

"Қараңғы түскен уақытта қолайсыз ауа райы, яғни көктайғақ салдарынан КамАЗ көлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті. Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қарулы Күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетіледі.

Барлық жаңалық