Маңғыстау облысы

Ақтау әуежайында Алматыдан келген жолаушыдан героин табылды

Алматыдан ұшып келген ер адам Ақтау әуежайында ұсталды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің сөзінше, жолаушыдан героин табылған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтемемен.

 

Ведомствоның мәліметінше, 27 тамыз күні жедел-іздестіру шаралары аясында және прокуратураның үйлестіруімен Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп Ақтау халықаралық әуежайында арнайы операция жүргізген.

 

Нәтижесінде Алматыдан Ақтауға ұшып келген ер адам ұсталды. Оның жанынан тыйым салынған заттар табылды.

 

Санкцияланған тінту барысында ішінде 40 капсуласы бар, жалпы салмағы шамамен 50 грамм болатын героин салынған полиэтилен қап тәркіленді.

 

Бұл дерек бойынша ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, тасымалдау, сатып алу, жөнелту, өткізу мақсатынсыз) сәйкес қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

 

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалық