Жаңалықтар

Ақсу ферроқорытпа зауытында ауыр жарақаттан жұмысшы көз жұмды

Ақсу ферроқорытпа зауытында ауыр жарақаттан жұмысшы көз жұмды

Kazchrome компаниясының мәліметінше, Ақсу ферроқорытпа зауыты аумағында қайғылы оқиға болып, қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

20 сәуір күні металды ұсақтау жұмыстары кезінде ұсатушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған жағдай бойынша құзырлы мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу амалдары басталды.

Компания марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Барлық жаңалық