🌐 Әлем

АҚШ Украинаға 3,3 мың зымыран бермек

АҚШ билігі Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын 3,3 мың ERAM зымыранын жіберуге келісім берді. Бұл көмектің жалпы құны 850 миллион доллар екен, деп жазады Ozgeris.info.

Зымырандар алдағы алты аптада жеткізіледі. Ал көмектің ішінде тағы не бар екені әзірге нақты айтылған жоқ. Қаржының басым бөлігін Еуропа елдері көтеріп отыр.

The Wall Street Journal-дың жазуынша, Вашингтон бұл шешімді Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесулері аяқталған соң қабылдаған.

ERAM – АҚШ-та жасалған заманауи SM-6 зымыраны. Әдетте қорғаныс үшін қолданылады, бірақ кейде шабуылға да пайдалануға болады.

Барлық жаңалық