Қоғам

АҚШ-та өлім жазасына кесілген әйел екі инъекциядан кейін тірі қалды

АҚШ-та  өлім жазасына кесілген әйел екі инъекциядан кейін тірі қалды

АҚШ-тың Теннесси штатында өлім жазасына кесілген 50 жастағы Криста Пайк жазаны орындау кезінде салынған екі өлімге әкелетін инъекциядан кейін тірі қалған. Ол кейін ауруханаға жеткізілді,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Пайкты өлім жазасына кесу процедурасы басталардан шамамен бір сағат бұрын апелляциялық сот уақытша тоқтатқан. Алайда АҚШ Жоғарғы соты бұл шешімді жойып, жазаны орындауға рұқсат берді.

Адвокаттарының айтуынша, Пайкқа екі инъекция жасалғаннан кейін ол ес-түссіз жатқанымен, тыныс алып, жүрегі соғып тұрған. Осыдан соң қорғаушылары жазаны тоқтатуды шұғыл түрде сұраған.

Медицина профессоры Джоэл Зивот инъекциядан кейін оның қанында өлімге жеткілікті мөлшерде пентобарбитал жиналмаған болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ реанимацияның кешігуі миға зақым келтіруі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Пайк 1996 жылдан бері өлім жазасын күтіп келген. Ол 18 жасында 19 жастағы Коллин Слеммерді өлтіргені үшін сотталған.

Егер үкім кейін орындалса, Пайк Теннесси штатында 200 жылдан астам уақыттан кейін өлім жазасына кесілген алғашқы әйел болмақ.

Барлық жаңалық