АҚШ-тың Теннесси штатында 50 жастағы Криста Пайк 200 жылға жуық уақыттан бері өлім жазасына кесілетін алғашқы әйел болуы мүмкін. Үкімді 30 қыркүйекте орындау жоспарланған, алайда адвокаттары АҚШ Жоғарғы сотынан жазаны тоқтатуды сұрап отыр, деп жазады Ozgeris.info.
Теннесси губернаторы Билл Ли Пайкқа кешірім жасаудан бас тартқан.
Криста Пайк 1995 жылы 19 жастағы курстасы Коллин Слеммерді өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Ол қылмыс жасағанын мойындаған. Қорғаушы тарап Пайктың қылмыс кезінде небәрі 18 жаста болғанын, балалық шағында зорлық-зомбылық көргенін және психикалық денсаулығына қатысты диагноздары болғанын алға тартып, өлім жазасын шамадан тыс жаза деп санайды.
Егер үкім орындалса, Пайк 1820 жылдан бері Теннесси штатында өлім жазасына кесілген алғашқы әйел атанады.
АҚШ-та әйелдерге қатысты өлім жазасы сирек орындалады. Соңғы 50 жылда елде 18 әйел, яғни барлық өлім жазаларының шамамен 1%-ы ғана орындалған.