🌐 Әлем

АҚШ соғыс ашты: Трамп әкімшілігі есірткімен айналысатын ұйымдарға соғыс жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп есірткі саудасымен байланысты террористік ұйымдарға қарсы соғыс жариялады. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Марко Рубио CNN арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Оның сөзінше, әдеттегі есірткі тасымалдаушыларды ұстау тәсілдері нәтиже бермеген. Сондықтан америкалық әскери күштер 2 қыркүйекте Кариб теңізінде Венесуэладан шыққан нарколодканы жарып жіберген. Нәтижесінде 11 адам қаза тапты. Бұл – АҚШ-тың есірткімен күресте алғаш рет осындай қадамға баруы.

 

Рубионың айтуынша, жойылған кемеде есірткі және венесуэлалық қылмыстық ұйым Tren de Aragua-мен байланыс бар деген деректер болған.

 

Биылғы жылы Трамп әкімшілігі бірнеше латиноамерикалық картельдерді, соның ішінде Tren de Aragua-ны да, шетелдік террористік ұйым деп таныған. Бұл қадам АҚШ-қа әскери соққы жасауға заңдық негіз береді.

Барлық жаңалық