Қоғам

АҚШ елшісі Yenlik-пен бірге қазақша ән орындады

АҚШ елшісі Yenlik-пен бірге қазақша ән орындады

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт әнші Yenlik-пен бірге қазақ тілінде «Meili» әнін орындады,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Видео қазақтың ұлттық нақышында түсірілген. Әннің бір бөлігін дипломат пен өнерпаз киіз үйдің ішінде, қалған бөлігін ашық аспан астында орындаған.

«Meili» – Yenlik-тің ең танымал әндерінің бірі. Композиция 2025 жылдың қыркүйегінде жарыққа шығып, әлеуметтік желілерде кең тарап, миллиондаған қаралым жинаған. Ән шетелдік тыңдармандар арасында да танымал болды.

Джули Стаффт бұған дейін де қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан. Ол отбасымен бірге домбыра үйрену сабағына қатысып, ұлттық аспапта ойнап көрген.

Барлық жаңалық