Қазақстанға АҚШ тарапынан ешқандай қосымша санкция немесе баж салығы салынады деген қауіп жоқ. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, еліміз ешқандай халықаралық ережені бұзып отырған жоқ, деп жазады Ozgeris.Info.
«Бізге санкция салынады деп ойламаймын. Өйткені барлығын заң аясында жасап жатырмыз. Экспортты да, сауданы да бақылауда ұстап отырмыз. Бәрі ашық, серіктестермен тексеру де жүргізіліп тұрады», деді министр.
АҚШ қазір Ресеймен сауда жасайтын елдерге 25%-дық баж салығын салу мәселесін қарап жатыр. Бірақ бұл әлі нақты шешім емес. Бұған дейін Дональд Трамп тіпті 100% баж салығын енгізу керек деген ұсыныс айтқан еді, бірақ ол да іске аса қойған жоқ.
Министрдің айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасында бұл тақырыпта байланыс үзілген жоқ, кеңесіп, талқылау жүріп жатыр.