Жаңалықтар

Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кету себебін түсіндірді: “Жаңа жолдың алдында тұрмын”

Мектеп директоры әрі TikTok арқылы танылған Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кеткен соң алғаш рет үн қатты. Instagram парақшасында ол бұл шешімге ішкі тыныштық пен жаңа бағыт іздеуі себеп болғанын жазды деп хабарлайды ozgeris.info сайты azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

«Үзіліс керек болды. Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін», – деді ол.

 

Ақмоншақ ұстаздық жолын жалғастыратынын, бірақ жаңа деңгейде жүзеге асыратынын айтты. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі парақшасы енді қоғаммен байланыс құралына айналады.

 

TikTok-та ол оқушылармен заманауи тіл табысуымен танылып, кей челленждерге қатысқан. Бірақ бұл әрекеттері қоғамда әртүрлі пікір тудырды – бірі қолдаса, енді бірі сынады.

 

Ол алдағы уақытта әлеуметтік желідегі белсенділігін жалғастырып, жаңа мазмұн әзірлейтінін де айтты:

«Қазір жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. Мүмкін, бұл парақшада жақында бір жаңалық болады…»

 

Ақмоншақ Нұртаза ұстаздық миссиясын жаңа форматта жалғастырмақ.

Барлық жаңалық