Қоғам

Ақмола облысындағы шахтадан екі ер адамның денесі табылды

Ақмола облысындағы шахтадан екі ер адамның денесі табылды

Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар шахта аумағына заңсыз кірген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның дерегінше, жыл басынан бері Степногор қаласында күзетілетін нысандарға заңсыз кіргені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы бойынша 322 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар жыл басынан бері жергілікті шахталарда тоғыз адам көз жұмған.

Барлық жаңалық