Жаңалықтар

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде екі адам қаза тапты

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде екі адам қаза тапты

Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде қайғылы жағдай болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды  ozgeris.info сайты.

Оқиға 19 мамыр күні «Қазақалтын» ЖШС-не тиесілі «Орталық» шахтасында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шахтаның 610-горизонтында тау жынысы опырылып, салдарынан екі адам үйінді астында қалып қойған.

Оқиға орнына жедел жеткен тау-кен құтқарушылары апат аймағына дейін шамамен 1,5 шақырым жол жүрген. Алайда құтқару жұмыстары барысында ер адамдар жер бетіне өлі күйінде шығарылды.

Қаза тапқандардың жасы 21 және 38-де болған. Екеуі де Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. Бастапқы ақпаратқа сәйкес, олар заңсыз алтын іздеумен айналысқан болуы мүмкін.

Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, Степногорск қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Тергеу жалғасып жатыр.

 
 
 
Барлық жаңалық