Қоғам

Ақмола облысында TikTok арқылы таныстық бопсалауға ұласты

Ақмола облысында TikTok арқылы таныстық бопсалауға ұласты

Ақмола облысында TikTok арқылы таныстық қыз үшін шантажға ұласты. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады деп жазды ozgeris.info сайты.

Целиноград ауданында ақша бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші әлеуметтік желіде танысқан жігітпен біраз уақыт хат жазысқан.

Кейін қыз байланысын үзуді шешкен. Алайда күдікті мұнымен тоқтамай, оның фотоларын фоторедактор арқылы өзгертіп, интернетке таратып жіберемін деп қорқыта бастаған.

Жалған суреттерді жарияламау үшін ол қыздан ақша талап еткен.

Жәбірленуші жағдайдың заңсыз екенін түсініп, полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары дәлелдерді жинап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталған.

Барлық жаңалық