Ақмола облысында есірткілік мас күйінде рульге отырған заңсыз такси жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды Ozgeris.info
Патрульдік полиция «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1006-шақырымында Toyota Alphard көлігін тоқтатқан. 22 жастағы жүргізушінің жолаушы тасымалдаумен заңсыз айналысып жүргені анықталды.Медициналық тексеру оның есірткі қолданғанын растады. Көлік айыптұраққа қойылып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, Қазақстанда оң жақ рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынған. Жақында елде мұндай көліктердің айналымына толық тыйым салу мәселесі де көтерілген.