Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты біраз сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оның сөзінше, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен туылған балалалары бүгінде Дәуреннің ата-анасының қолында.
"Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол кебепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ", - деді актер.
"Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді Ақботаға", "Балаларын үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс болмапты", "Қиындықтың бәрін ата-әжесі көріп жатыр де", "Балаларды тірі жетім етіп", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.