Әнші Гүлнұр Оразымбетова әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен оқырмандарының назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі ақ түсті шілтерлі көйлекпен түскен суретін жариялап, оның нәзіктік пен тазалықтың символы екенін айтты.
«Өзім қалыңдық сияқты болып тұрмын ба. Әппақ шілтер (кружева) нәзіктіктің бір бөлшегі ғой. Әдемі, иә. Әппақ көйлек, ақ ниетпен шырқаған әнім тек бақытты күндердің бастамасы болсын», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Гүлнұр Оразымбетованың жаңа образына тәнті болып, ақ тілектерін жаудырды.