Әкімдіктің мәліметінше, технологиялық ақауға байланысты Мұратбаев, Байтұрсынов, Қашғар және Сейфуллин даңғылының аралығындағы аумақта электрмен жабдықтау уақытша тоқтаған.
Оқиға орнында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның авариялық-қалпына келтіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Мамандар ақаудың себебін анықтап, оны жою жұмыстарын жүргізуде.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, электрмен жабдықтау шамамен 30 минут ішінде толық қалпына келтіріледі.