Той үстінде сахнаға шыққан қонақтардың бірі белгілі әнші Роза Рымбаеваға ерекше ықыласын білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жасы үлкен ер адам Роза Рымбаеваның қасында тұрудың өзі ол үшін үлкен мәртебе екенін айтып, әншіні құрметтейтінін жеткізді.
Ол Роза апайдың әндерін бала кезінен тыңдап өскенін айтып, сөз арасында өнер иесіне бірнеше рет «Роза апай» деп құрмет көрсетті.
Ақжарма тілегін тыңдаған Роза Рымбаева да микрофон алып, жағдайды әзілге бұрды.
«Қартайтып тастадыңыз ғой "апай", "апай" деп. Жастар сияқты киініп келсем…» – деді әнші күлімсіреп. Рымбаеваның бұл сөзі той қонақтарын күлкіге бөледі. Өнер иесінің әзілге толы жауабы көпшіліктің көңілінен шықты.